jasqazaq.kz

Таразда полицейлер 130 адам жиналған тойды тоқтатып тастады

20 мамыр 2021, 11:18

Таразда полицейлер 130 адамдық тойды тоқтатты.

Жамбыл облысы аумағындағы эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуі карантиндік шараларды күшейтті. Бүгінгі таңда Жамбыл облысы жасыл аймақта, ал Тараз қаласы қызыл аймақта орналасқан. Адамдар көп жиналатын орындар мен қаланың ойын-сауық орындары ерекше бақылауда болады. Олар карантин, маска режимі және әлеуметтік қашықтық талаптарының сақталуы тұрғысынан үнемі тексеріліп отырады. Кезекті рейдтік іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері 130-ға жуық қонақтың қатысуымен отбасылық салтанатты өткізу фактісін анықтады.

Тойды ұйымдастырушыға қатысты «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу» бойынша материал жиналып, бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін СЭС-ке жіберілді.

«Қазір азаматтарды вирус пен пневмонияға қарсы егу белсенді жүргізілуде, алайда жұқтыру қаупі ашық күйінде қалып отыр. Облыстың әрбір азаматының борышы – адамдар көп жиналатын орындарға барудан бас тарту, үй – жайларда бетперде киюді жалғастыру және өзінің өмірі мен жақындарының денсаулығын сақтау үшін әлеуметтік қашықтықты бұзбау», — деп атап өтті ведомстводан.

Рolisia.kz

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық