jasqazaq.kz

Таразда нан бағасы тағы да қымбаттады

29 шiлде 2019, 19:20

Тараз қаласында бірінші сұрыпты ұннан жасалған нан бағасы 5 теңгеге қымбаттады. Өткен сенбіден бастап өңірде нан бағасы 70 теңгеден 75 теңгеге көтерілді. Бұл туралы ауыл шаруашылығы басқармасы азық-түлік және экспорт бөлімінің басшысы Марс Сейдыбаев БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында атап өтті.

— Бұған дейін ақпан айында нан бағасы 65 теңгеден 70 теңгеге көтерілген еді. Оған 2018 жылдың соңында бидай бағасының 45 теңгеден — 65 теңгеге, 1 сұрыпты ұнның 63 теңгеден — 94 теңгеге дейін қымбаттауы әсер еткен болатын. Инфляцияны тежеу мақсатында 5 наурыздан бастап тұрақтандыру қорынан 94 теңгеден алынған 4 314 тонна ұнның келісі наубайханаларға 85 теңгеден 17 шілдеге дейін жеткізіліп, бөлке нанның бағасы 70 теңге деңгейінде тұрақталды. Ол үшін тұрақтандыру қорынан 38,8 миллион теңге қаржы жұмсалды. Қазіргі уақытта нан бағасының өсуіне 3-класты астық бидайының бағасы — 70-75 теңге, ұн бағасының — 96-105 теңге аралығында көтерілуі әсер етіп отыр, — деді Марс Сейдыбаев.

Айта кету керек, облыста астық ору науқаны жүріп жатқанымен, орылған бидайдың көлемі нарықтағы бидай бағасын төмендетуге өз әсерін тигізбейді, бірақ баға тұрақтылығын қамтамасыз етпек. Ауыл шаруашылық басқармасының мамандары нарықтағы жағдайды зерделей келе Тараз қаласы мен облыс орталығына жақын маңдағы аудандарда ас атасының бағасы 5 теңгеге көтерілгенін, яғни максималды құны 75 теңгеден аспайтынын айтады. Олардың айтуынша, облыстағы бір бөлке нанның орташа бағасы республика бойынша ең төменгі 70-75 теңге деңгейінде сақталып отыр. «Қазіргі таңда тұрақтандыру қорында 686 мың бөлке нан қоры бар. Бұл ретте тұрақтандыру қорындағы нан 55 теңгеден әлеуметтік дүңгіршектер, коммуналдық базар және Корзина, Смалл, Нұрислам, Дәмдес, Гаухар секілді басқа да ірі сауда орындары арқылы тұрақты өткеріледі. Сондай-ақ, Тараз қаласының сауда орындарының басым бөлігінде нанды өзіндік құнынан төмен бағадан тарату науқаны «Ассорти», «Кристал», «Нұрислам», «Акбар» және тағы басқа сауда орындарында жалғасады» делінген басқарманың мәліметінде.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде