jasqazaq.kz

Таразда нан бағасы қайта баз қалпына түсті

20 қараша 2018, 23:01

Бүгін әлеуметтік нан бұрынғыша 65 теңгеден сатылып жатыр. Нан құнының құбылуына Тараздағы ірі екі наубайхана себепші болғаны анықталды. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Яғни, қожайындары ұн бағасының 65 теңгеден 85-ке өсуін желеу етіп, өздері қолдан қымбатшылық жасаған. Тіпті олар атқамінерлердің қарсылығына қарамастан осындай қадамға барғандары белгілі болды. Енді нанның құнын бірден 10 теңгеге арттыруға негіз болды ма, жоқ па, сол жағы зерделеніп жатыр. Бір апта ішінде осы наубайханашылар өнімнің өзіндік құнының калькуляциясын көрсетулері тиіс. Егер өндірушілер өз әрекеттерін дәләлдеп бере алмаса, шара қолданылады. Ал, нан бағасы әзірге өзгеріссіз қала бермек. Бірақ қалай болғанда түбі аз-маз көтерілетін түрі бар.

Берік Нығмашев, Жамбыл облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

— Бастапқы сараптама бойынша бағаны екі теңгеге көтеруге мүмкіндік бар. Өйткені ұн бағасының әсеріне байланысты. Бірақ оның нақтысын айта алмаймыз, оған мониторинг жүргізілуі керек. Олардың есептерін қарауымыз керек.75-ке бармайды, өйткені олар оны дәлелдеп бере алмайды.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді