jasqazaq.kz

Таразда нан бағасы 10 теңгеге қымбаттады

24 қазан 2019, 10:53

Тараз дүкендерінде бір бөлке нан 85 теңгеге сатылып жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін жыл басынан бері Таразда бір бөлке нан бағасы 65-тен 70-теңгеге, сосын 75-теңгеге өкен болатын. Енді 85 теңгеге, яғни, 10 теңгеге қымбаттап отыр. Алдын ала болжам бойынша, нан бағасының өсуі астықты өңірлерде ұнның қымбаттауымен байланысты болуы мүмкін. Осындайда нарықты жіті зерттеп, зерделеу жүргізуге жауапты облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы қымбатшылыққа қатысты ресми ақпар беруден бас тартты. Қазір өңірдегі тұрақтандыру қорында ұн таусылған. Мамандар солтүстік аймақтардан арзан ұн мен бидай іздеп жатқандарын айтады. Ал, Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің мамандары негізгі деген 6 наубайхана қожайындарына бағаны көтермеу жөнінде ескерту хатын әзірлеп жатыр. Олар барлық нан зауытында ұн қоры бір уақытта таусылды дегенге сенбейді.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде