jasqazaq.kz

Таразда қоқыстан жаңа туған сәбидің өлі денесі табылды

31 қазан 2018, 21:20

Тілсіз жаумен арпалысқан төтеншеліктер көрмегенде шақалақтың мәйіті күлге айналып, бұл жағдай туралы ешкім білмеуі мүмкін еді. Ал от абайсызда қойылды ма, әлде анасы перзентін әдейі өртеп көзін құртпақ болды ма? Оны қазір тергеушілер анықтап жатыр. Бұл туралы КТК теларнасы хабарлады.

Оқиға түнгі 11-лер шамасында самал ықшамауданындағы қоқыс төгілетін орындардың бірінде болған. Көршілер жәшіктердің айналасы өртенгенін көріп, хабар беріпті. Дереу жеткен төтеншеліктер, жалынмен алысып жүріп, арасынан аяғы жанып жатқан шақалақтың өлі денесін алып шыққан. Сәби отқа күйіп өлді ме немесе осында өлі күйінде жеткізілді ме, ол жағы да сараптамадан кейін белгілі болмақ. Куәгерлердің сөзінше, түнгі ондар шамасында қоқыс жәшіктерін айналшықтап екі қыз жүрген. Болжам бойынша, соның бірі сәбидің анасы болуы ықтимал. Қазір құрсағын жарып шыққан перзентінен жерінген қатігез анаға іздеу жарияланды.

Гүлсара Мұхтарқұлова, Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы:

-Қазіргі уақытта жедел іздестірілу шаралары жүргізілуде. Қылмыстық оқиғаның мән-жайы тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде