jasqazaq.kz

Таразда қарт ана мен оның келінін белгісіз біреу пышақтап кеткен (видео)

18 қараша 2020, 20:48

Сұмдық жайт! Тараздағы тұрғын үйлердің бірінде қарт ананы пышақтап, келінін бауыздап кеткен. Жантүршігерлік оқиғаны бірінші болып, үйіне келген отағасы көрген. Ол дереу полицияға хабарласып, дәрігерлерді шақыртқан. Алайда, қансыраған әйелінің өмірін аман сақтап қалу мүмкін болмады. Ал анасы жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы Астана телеарнасы хабарлады.

Бегман ҚҰТМЫРЗАЕВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ПД ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ КОММУНИКАЦИЯЛАР БӨЛІМІНІҢ МАМАНЫ:

Ағымдағы жылдың 16-қарашасында 102 пультіне 42-жастағы ер адам хабарласып, үйінен пышақ жарақаттарын алған анасы мен жұбайын тапқаны туралы арызданған. Тәртіп сақшылары күдіктіні бірден қолға түсіріпті. Қаской 40-жастағы Жамбыл облысы Пригородный ауылының тұрғыны. Ол бұған дейін де адам өлімі мен қыз зорлау дерегі бойынша сотталған. Ер адам өзіне тағылған бар айыпты мойындапты. Ол өз әрекетін дастархан басындағы ұрыс-керістен кейін болды деп түсіндірген. Қазір болған жайт бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.

astanatv.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде