jasqazaq.kz

Таразда қалалық сотты жармақшы болған азамат ұсталды

05 қараша 2020, 17:19


Тараз қалалық сот ғимаратын гранатамен жарамын деп қорқытқан күдікті қолға түсті.
Жұртты қатты үрейлендірген тұрғыннан ешқандай жарылғыш зат табылмаған. Бұл туралы Жамбыл облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәләм етті. «2020 жылдың 5 қарашасы күні сағат 09.10-да облыстық Полиция департаментінің кезекші бөліміне №2 Тараз қалалық сотының кіреберісінде белгісіз азамат гранаты жарылғыш затын жармақшы болып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жедел жеткен тәртіп сақшылары 49 жастағы қала тұрғынын ұстады. Тексеріс барысында одан ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ. Одан бөлек күдіктінің ақыл-есі кем ретінде психикалық диспансерде тіркеуде тұрғаны белгілі болды»,-делінген ведомство хабарламасында. Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау» 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті Жамбыл облыстық психоневрологиялық диспансеріне орналастырылды.

 ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия