jasqazaq.kz

Таразда граната жұмысшының қолында жарылып кетті

27 қантар 2022, 10:55

Тараз қаласында қалпына келтіру жұмысы барысында жұмысшы граната тауып алып, оны қолына ұстаған кезде жарылып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2022 жылғы 4-6 қаңтардағы жаппай тәртіпсіздік барысында Жамбыл облысы полиция 4 ғимараты зақымдалды. Бұл туралы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Ғимараттарды қалпына келтіру жұмысы басталмас бұрын мердігерлермен және осы ұйымдардың жұмысшыларымен объектілерде кезекшілік ететін полицейлерге қару, оқ-дәрі немесе арнайы құралдар табылған кезде хабарлау қажеттілігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілген.

«Алайда, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізетін мердігер ұйымның жалдамалы жұмысшысы Тараз қалалық полиция басқармасының ғимаратында жарық-шулы гранатаны тауып алып, ескертулер мен талаптарды орындамай, қауіпсіздік техникасының ережелерін елемей, өз қызығушылығымен қолына ұстаған»,-делінген ведомство хабарламасында.

Осылайша, жарық-шулы гранатасы жұмысшының қолында жарылып, бірнеше саусағын жұлып алған. Осыдан кейін ол шұғыл түрде Тараз қалалық ауруханасына жеткізілді.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 156-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалған.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық