jasqazaq.kz

Таразда дрифт әуесқойы жауапкершілікке тартылды

29 шiлде 2021, 10:02

Тараз қаласында дрифт әуесқойы жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Тараз қаласының полицейлері ВАЗ21703 маркалы көлік жүргізушісінің Жәнібек пен Керей хан ескерткіштеріне жақын жерде дрифт жасаған видеоны анықтады. Тараз қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері көп ұзатпай көлік жүргізушісін ұстады. «Облыс орталығының тұрғыны Қазақстан Республикасы Әкімшілікқұқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабы 2-бөлігі (Мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерінсіз көлік құралын басқару), Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 630-бабы 1-бөлігі ( Жолдарды бүлдіру), 596-бабы 1-бөлігі (Жол жүрісі қағидаларын бұза отырып, жаяу жүргіншілер жолдарымен, жол жиектерімен немесе тротуарлармен жүру) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды»,- делінген полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында. Полиция қызметкерлері экстремалды жүргізуді ұнататындарға ойланбай істелген әрекеттер қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін екенін ескертеді. Айта кетер болсақ, тәртіп сақшылары күн сайын түрлі құқық бұзушылықтарды анықтау үшін әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізеді.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия