jasqazaq.kz

Таразда демалыс кешеніне кіре алмаған жас жігіт күзетшіні пышақтап кетті

24 шiлде 2017, 22:41

Тараздағы сауықтыру орталығында болған текетірес кісі өлімімен аяқтала жаздады. Біреу демалыс орнына баса-көктеп кіріп, күзетшіге бірнеше жерінен пышақ ұрған. Сөйтіп өзі оқиға орнынан із суытыпты.

Атырау облысында еріктілер мыңдаған шабақты қырылудан…
Оқиға адам көп жіретін «Алнұр» бассейнінде болған. Мына кадрларда ішке белгісіз екі азамат кіріп, амандасып болған соң ай-шайға қарамастан күзетшінің біріне бірнеше жерден пышақ ұрғаны көрініп тұр. Сосын олар алды-артына қарамай тайып тұрады. Ал жамбасының екі жерінен жарақат алған 21 жастағы жігіт шұғыл ауруханаға жеткізіліп, оған медициналық көмек көрсетілген. Қазір оның денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ дейді дәрігерлер. Ал тапа-тал түсте адам пышақтаған 19 жастағы жігіт Тараздың тұрғыны екен. Ол көп ұзамай ұсталды. Күдікті әлгіндей әрекетке күзетші демалыс орнына кіргізбей қойғаны үшін барғанын айтқан.

Құндыз Бөгенбаева, Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекші маманы:

-Ол өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүруде.

Ktk.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде