jasqazaq.kz

Таразда дәрігерлер COVID-19 жұқтырғандарға тегін берілетін дәрі-дәрмекті сатып алуға мәжбүрлеген

11 тамыз 2021, 11:39

Тараздық дәрігерлер коронавирус жұқтырған науқастарға тегін берілетін дәрі-дәрмектерді сатып алуға мәжбүрлеген, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Ауруханалардың бірінде емделушілердің туыстары, дәрігерлер науқастар тегін алуға құқылы дәрі-дәрмектерді сатып алуға мәжбүрлеп жатқанына шағымданады.

«Өзбекстаннан шығарылатын «Ремдесс» препараты біздің дәріханаларда болмағандықтан бөлім меңгерушісіне қоңырау шалып сұрадым. Бұл препарат еш жерде жоқ. Бізде бұл препараттың 1 бөтелкесі 19 мың тұрады. Ал бір курс алу үшін осының алтауы керек. Жаңа хаттамаға сәйкес, егер мемлекет коронавирус жұқтырған науқастарды емдесе, бұл ауруханаларда болуы керек», — дейді науқастың туысы Наталья Соборнова.

Әйелдің айтуынша, ол дәрі-дәрмектің тегін берілуі керек екенін білгенше ұзақ уақыт іздеген. Тараздағы ауруханаға ауыр жағыдайда түскен басқа науқастардың да туыстарынан да шағымдар түсіп жатыр.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы барлық дәрі-дәрмек қоймаларда бар деп мәлімдеді.

«Бұл «Ремдесивир», «Метилпреднизолон» препараттары жеткілікті мөлшерде бар. Қазіргі уақытта «Метипред» 2800 данадан асады, ал «Ремдесивира» — 1924 бөтелке. Сондықтан мен бұл препараттарға тапшылық көріп отырған жоқпын», — деді Жамбыл облысы Денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Гүлжазира Ибрагимова.

Басқарма тексеру жүргізуге уәде берді, және пациенттерден шағымдарында дәрі-дәрмек сатып алуға мәжбүрлейтіндердің нақты аттарын көрсетуді сұрады.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия