jasqazaq.kz

Таразда бір күнде 52 қару табылды

23 қантар 2022, 13:44

Тараз қаласының полицейлері қару-жарақ пен оқ-дәрі іздестіру жұмысын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қала аумағында өткізіліп жатқан «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел профилактикалық іс-шарасы барысында бүкіл көпқабатты үйлер, саяжайлар, гараж кооперативтері, саябақтар мен скверлер жіті тексерілуде. 19 қаңтар күні заңсыз сақталған қару-жарақ пен оқ-дәріні іздеу кезінде қала аумағынан 52 қару табылды. Оның ішінде атыс қаруына жататын 1 «Калашников» маркалы автоматы, 4 «аңшы мылтығы», 11 «Макаров» маркалы тапаншасы, 7 сүңгі пышақ және тағы басқа пневматикалық, травматикалық қарулар анықталып, тәркіленді. Тәркіленген қару-жараққа қатысты арнайы сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. Тараз қалалық полиция басқармасы қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орны туралы хабарлаған немесе оларды полицияға өз еркімен тапсырған адам қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын еске салады. Аноним болып қалатынына кепілдік беріледі.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр