jasqazaq.kz

Таразда базар өртенді

25 қараша 2018, 11:25

Таразада «Ауыл-Береке» базары өртенді. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның атап өтуінше, бүгін таңертең сағат 9:13-те өрт сөндіру қызметінің кезекшілік бөліміне Мәмбет батыр көшесі бойындағы «Ауыл-Береке» базары өртеніп жатқандығы туралы ақпарат келіп түскен.

«Шамамен 700 шаршы метрді құрайтын он дүңгіршектегі киім-кешек өртенген. Сағат 09:47-де өрттің алды алынып, 10:01-де толық сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», — деді Нұрсұлтан Нұрахметов.

Ресми өкілдің дерегінше, өрт сөндіруге Жамбыл облыстық ТЖД жеке құрамының 49 маманы мен 10 техникасы жұмылдырылған.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді