jasqazaq.kz

Таразда басы дауға қалған мектеп директоры қызметінен шеттетілді

26 ақпан 2020, 10:35

Таразда басы дауға қалған №43 мектеп директоры қызметінен уақытша шеттетілді. Ал, мектеп директорының заңсыз әркеттері туралы айтып, жұмыстан «негізсіз қуылдым» деп бейнеүндеу жолдаған мұғалім қызметіне қайта оралды.Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. 

Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Онда ағымдағы жылдың 24 ақпанында Тараз қалалық білім бөліміне қарасты № 43 орта мектеп мұғалімінің өтінішіне байланысты облыс әкімінің тапсырмасымен жұмыс комиссиясы құрылғандығы айтылған. Комиссия құрамына білім басқармасының, салалық кәсіподақ, үкіметтік емес ұйым өкілдері еніпті.

«Жарияланған бейнероликте айтылған барлық фактілер бойынша тексеру шаралары жүргізілуде. Онда келтірілген фактілер расталған жағдайда материалдар құқық қорғау органдарына жіберіледі. Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің жеке еңбек дауларын шешу жөніндегі келісу комиссиясының шешімімен К.Бөрімбекова №43 орта мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі қызметіне қайта қабылданды. Ал, Тараз қаласындағы № 43 мектеп директоры Э.Өмірбекова уақытша қызметінен босатылды» делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қазіргі кезде бұл мәселе облыстық білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің, облыстық білім басқармасының, Тараз қаласы әкімдігінің және «Nur Otan» партиясы өкілдерінің қатысумен аталған мәселе жан-жақты зерделенуде. Тексеру іс-шаралары толық аяқталғаннан кейін қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес нақты шешім қабылданбақ. Бүгінгі таңда мектеп қалыпты режимде жұмыс істеп, тиісінше оқушылар сабаққа қатысуда. Барлық сабақтар кестеге сәйкес өтуде.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия