jasqazaq.kz

Таразда автобус жаяу жүргіншіні мыжып кетті (Видео)

11 қараша 2021, 14:17

Таразда автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қайғылы оқиға Жамбыл мен Төле би көшелерінің қиылысында болды. Қоғамдық көлік бұрылған сәтте жолдан өтіп бара жатқан адамды мыжып, бірнеше метр сүйреген. Ал автобус тоқтаған кезде денесі дөңгелектің астында қалды. Қайтыс болған 58 жастағы әйел адам екендігі анықталды. Қоғамдық көлік тізгінінде 22 жастағы жігіт болған. Қазір аталған дерекке қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалып, кінәлі адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция департаменті істің толық мән-жайын тергеуге байланысты жарияламай отыр.

Темірбек Оразымбетов, Жамбыл облыстық ПД бастығының орынбасары:

– «Жак» маркалы автобус өзінің 30-маршрут бойынша бағыты бойынша келе жатып, белгісіз әйелді қағып кеткен. Соның салдарынан әйел қайтыс болған. Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

24.kz

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр