jasqazaq.kz

Таразда әскери бөлімнен сарбаз ұшты-күйлі жоғалған

29 наурыз 2021, 21:30

Қатардағы жауынгер қашып кетті. Тараздағы әскери бөлімнен шығып кеткен сарбаз іздестірілуде. Нұрасыл Арысбаевтың үшті-күйлі жоғалғанына төрт күн болды. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Бауыржан Дүйсенбаев, №85395 әскери бөлімі командирінің орынбасары:

— Жамбыл облысы және Тараз қаласында әскери бөлімнің қызметкерлерімен және құқық қорғау органдарымен Тараз қаласы полиция басқармасының қызметкерлерімен іздестіру жүргізіліп жатыр. Не себептен қашып, әскери бөлімді тастап кеткені беймәлім.

19 жастағы сарбаз 25-наурыз күні түнгі кезекшілігін тастап белгісіз бағытта қашып кеткен. Содан бері оны көрдім-білдім деген жан жоқ. Әскерилердің айтуынша, Нұрасыл Арысбаевтың қолында қару-жарақ болмаған. Тәуліктік кезекшілікте тұрғанда серіктесі ұйықтап жатқан. Соны пайдаланған сарбаз түнгі сағат үш шамасында табанын жалтыратыпты. Ал әскери бөлімге баласын іздеп келген Нұрасылдың анасы ұлының әскерден қашып кеткеніне сенбейді. Олар менің баламды жасырып, бір жерде тығып ұстап отыр дейді.

Гүлжан Арысбаева, Н. Арысбаевтың анасы:

— Бұнда не болып жатқанын білмеймін. Бір күдігім бар. Мүмкін емес, менің балам момын бала. Дуалдан асып кетіп қалған. Не үшін кетіп қалғанын білмеймін. Төрті тәулік болды, әлі жоқ. Ешқайсысы қимылдамай жатыр. (жылап айтады – ред.)

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия