jasqazaq.kz

Таразда арықты тазалау барысында белгісіз адамның мәйіті табылды

10 ақпан 2021, 13:40

Тараз қаласындағы арыққа тазалау жұмыстарын жүргізіп жатқан жұмысшылар белгісіз адамның мәйітін тауып алды.

Тараз қаласы Полиция басқармасына жергілікті тұрғыннан облыс орталығындағы Қарасу (5) және Жансая (11) мөлтек аудандарында орналасқан арықтың жағалауынан қайтыс болған адамның мәйіті табылғандығы туралы хабарлама келіп түскен. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Аталған дерек бойынша жедел-тергеу тобының қызметкерлерімен арық ішіне қарау жүргізіліп, мәйіттің қалдықтары анықталды. Сонымен қатар, хабар берген қала тұрғынынан жауап алу барысында оның «Жасыл ел-Тараз» мекемесінде жұмыс атқаратыны анықталып, арыққа тазалау жұмыстарын жүргізу барысында қамыстың арасынан адамның мәйітін көріп, тез арада полиция қызметкерлерін шақырғанын айтқан»,-делінген ведомтсво хабарламасында.

Бұл дерекке қатысты Тараз қаласының Полиция басқармасымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру өндірісі басталып, табылған мәйіт сүйектерінің қалдықтарына сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта оның жеке басын анықтау мақсатында жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.

ҚазАқпарат

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық