jasqazaq.kz

Таразда алты адам түрмеден қашып кетті

15 қыркүйек 2017, 13:08

Сотталғандар бостандықта жүр! Олар түзеу мекемесінен шығып кеткеннен кейін қайта оралмаған. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Қашқындарды колония басшылығы жатпай- тұрмай іздеген екен. Енді таппаған соң елден көмек сұрауға мәжбүр. Бұл азаматтар алаяқтықпен айналысып, және ұсақ-түйек ұрлық жасап түрмеге түскен. Сөйтіп, жақсы тәртіптері үшін қоныс колониясына ауыстырылып, тіпті жұмысқа да орналасып алған. Мұнда кәдімгі түрмедегідей қатаң тәртіп жоқ. Бірақ сонда да осы алты сотталушы кеткен ізімен қайта келмепті. Алды бір жыл бұрын шығып кетіп оралмаса, соңғысы осыдан екі апта бұрын жұмысқа деп кетіп, содан ары ізім-қайым жоғалған. Барлығы Алматы облысының тумалары. Енді бұлар қолға түссе, жаза үстіне жаза жамап алмақ.

Төлен Бұзауов, ЖД-158/5 мекемесі бастығының міндетін атқарушы:

-Қашып жүрген алтаудың ішінде екеуінің жаза мерзімі аяқталған. Біреуіне бір ай қалған кезде мекеме аумағынан кетіп қалған. Екіншісінің осы тамыздың 26-да жаза мерзімі аяқталып, босап шығу керек еді. Қалғандарына бір жылдай бар әлі.

Бүгін, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде