jasqazaq.kz

Таразда 35 жастағы азаматты МРТ аппараты тартып өлтірді (Видео)

18 наурыз 2022, 21:24

Таразда сұмдық оқиға. 35 жастағы жергілікті тұрғынды магниттік-резонанстық томография аппараты жұтып қойып қаза тапты. Атпалдай азаматты медициналық құралдың магниті ішке қарай тартып әкетіп, ол соның аузында кептеліп ажал құшқан. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Вазира Хусаин-Ахунова, Ф. Хусаин-Ахуновтың анасы:

— Ол біздің асыраушымыз еді. Енді не істедік?! Маған ұлымды қайтарып берсін. Ол әлі өмірдің қызығын көріп үлгерген жоқ. Артында кішкентай қызы жетім қалды. Жұмыс істейтін бөлмені өздері босатып беруі керек емес пе? Ал ондағылар МРТ-ны орнынан қозғалтуды осыларға жүктеген.

Қайғылы жағдай қаладағы медициналық орталықтың бірінде болған. Мекемеде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жүрген екі азамат МРТ аппаратын орнынан жылжытпақ болған. Сол кезде ұдайы қосылып тұратын медициналық қондырғының қуатты магниті Фуркат Хусаин-Ахуновты ішіне тартып кеткен. 35 жастағы азамат екі бүктеліп аузында кептеліп қалыпты. Бірден есінен танған жігітті алып шығуға адамдардың күші жетпей, кейін өлі денені жүк көлігімен суырып алуға тура келген. Қаза тапқан азаматтың жақындары оқыс оқиғаға кінәлілерді анықтап, жазаға тарту керек дейді. Ал болған жағдайға түсініктеме беретін медициналық орталықтан бірде-бір өкіл табылмады. Марқұмның артында әйелі мен төрт жастағы қазы қалды.

Гүлсара Мұхтарқұлова, Жамбыл облысы ПБ баспасөз хатшысы:

— Аталған дерек бойынша ҚК-тің 156-бабы, 3-бөлігімен тергеу басталды. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.

 

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді