jasqazaq.kz

Таразда 2 мыңнан аса жасөспірімнің құқығы бұзылған

17 наурыз 2019, 10:45

Тараз қаласының прокуратура қызметкерлері кәмелеттік жасқа толмаған 2 мыңнан аса тұрғынның әлеуметтік көмек алу құқықтары бұзылғандығын анықтады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Атап айтар болсақ, жергіргілікті атқарушы орган ата-ана қамқорлығынсыз қалған және дамуында ауытқушылығы бар жеткіншектерге оқу кезінде қоғамдық көлікте жүру үшін заңнамамен қарастырылған өтемақыны төлемеген. Сондай-ақ «Болашақ», «Мейірім» және ақыл-есі кем балаларға арналған үш мектеп-интернатта оқушыларға тегін берілуі тиіс тамақ пен киім де берілмеген. Оқу орындарының әкімшілігі бюджетті жоспарлау кезінде бұл мақсаттарға арнайы қаражат қарастырмапты. «Жол берілген заң бұзушылықтар үшін 10 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, ал екі интернат және облыстық білім басқармасының басшыларына 110 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынған»,-дейді облыс прокурорының аға көмекшісі Қайсар Бекмұратов.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде