jasqazaq.kz

Тараз жастарының төбелесі адам өлімімен аяқталды (видео)

05 қыркүйек 2018, 15:16

Таразда 2-қыркүйек күні болған жаппай төбелестен жас жігіт қаза тапты. Оқиға таңғы сағат 4:30-да, Қазыбек би көшесінде орналасқан “Барбарис” кафесінде орын алған. Төбелестен қаза тапқан жігіт 23 жаста. 

ZhambylNews”жазғандай, жас жігіттің қатты соққыдан бас миы зақымданып, миына қан кеткен. Ол есін жимастан, №1 қалалық ауруханада қайтыс болды.

Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде Тараз қаласының 21-22 жас аралығындағы үш тұрғыны күдікті ретінде ұсталды. Жастардың жаппай төбелесі сол маңайдағы бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Жергілікті ішкі істер департаменті тергеу шаралары жүріп жатқандықтан бейне түсірілімді бермеді.Бірақ, бейнетүсірілім уатсапп əлеуметтік желісінде таралды.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 106-бабының 3-бөліміне сәйкес алдын ала тергеу жүргізілуде.

https://youtu.be/T0byFkBxZeg

 

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді