jasqazaq.kz

Тараз тұрғыны әпкесіне жасалған шабуыл туралы оқиғаны ойлап тапқан

08 маусым 2021, 14:55

Тараз тұрғыны Қарағандыда тұратын әпкесін белгісіз біреулер ұрып-соққаны туралы оқиғаны хайп үшін ойлап тапқан, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Тараздың 18 жастағы тұрғыны мұсылман зиратында видео түсіріп, оны TikTok-қа жариялаған. Ол ұсыныстарда шығып, басқа әлеуметтік желілерде тараған. Видео Instagram-да жарияланғаннан кейін авторға ашулы пікірлер жазыла бастады. Адамдар зират ойын-сауық орны емес, онда видео түсіруге болмайтынын жазды.

Сөйтіп біраз уақыттан кейін тараздық қыз екінші видеосын шығарды. Онда Қарағандыда зиратта түсірілген видеосы үшін оның әпкесін белгісіз біреулер ұрып-соққанын айтады. Қыз әпкесінің беті, денесі көгерген суреттерін салады. Бұл ақпарат та жылдам тарап, полицейлерге жетеді.

«Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Қарағанды облысы ПД қызметкерлері Қарағандының медициналық мекемесінде жатқан ұрып-соғылған әйелдің видеосы мен суретін тапты. Жарияланымды белгісіз бір қыз түсіндірген. Ол Таразда екенін және онда мұсылман зиратында видео түсіріп, өзінің TikTok-парақшасына жариялағанын айтады. Бұл үшін белгісіз адамдар қоқан-лоқы қорсете бастағанын, салдарынан Қарағандыда тұратын әпкесі «зардап шеккенін» мәлімдейді. Бойжеткен әпкесін үйінің кіреберісінде ұрып-соққанын жазды», — деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметіндегілер.

Полицейлер бұл ақпаратты тексеріп, тіркеді. Олар зардап шеккен қыздың кім екенін анықтады. Ол шынымен медициналық мекемеде жатқан. Бірақ мұнда Тараздағы сіңілісінің қатысы жоқ болып шықты.

«Қыз жарақаттарын Тараздағы видео пайда болғанға дейін тұрмыста алғанын айтты. Ал 18 жастағы қарындасы ескертусіз оның суреті мен видеосын пайдаланған. Ол арыз жазудан бас тартты, ешкімге ешқандай кінәрат артпады», — деді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі өкілі.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия