jasqazaq.kz

Тараз қаласына жаңа әкім тағайындалды

24 сәуiр 2019, 10:47

Бүгін Тараз қаласының жаңа әкімі тағайындалды. Бұдан былай бұл қызметті Қайрат Әскербекұлы Досаев атқаратын болады. Облыс әкімі Асқар Мырзахметов шаһардың жаңа басшысын қала активіне таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Өз сөзінде өңір басшысы Қайрат Әскербекұлының мемлекеттік қызметтегі тәжірибесін ескере келе, жаңа қызметте де қаланың экономикалық-әлеуметтік дамуы жолында нәтижелі еңбек ететініне сенім артты. Қайрат Әскербекұлы Досаев, 1965 жылы туған, ұлты қазақ, білімі жоғары. 1987 жылы Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді ауылшаруашылық институтын «ауылшаруашылығын механикаландыру», 2007 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетін «экономист» мамандықтары бойынша бітірген. Қ.Досаев өз еңбек жолының әр жылдарында «Казсельхозмеханизация» ғылыми-өндірістік бірлестігінің және «Алтын диірмен» АҚ-ның инженері, «Дешт» ЖШС-нің директоры, Алматы қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бөлім бастығының орынбасары, Алматы қаласы Бостандық ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің сектор меңгерушісі, бастықтың орынбасары, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар агенттігі төрағасының көмекшісі, Алматы облысы әкімінің көмекшісі, Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары, Қаратал ауданының әкімі, Алматы облысының табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау және тарифтер жөніндегі басқармаларының бастығы, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің кеңесшісі, «Казспортинвест» АҚ-ның вице-президенті, Жамбыл облысы Қордай ауданының әкімі қызметтерін атқарған. 2017 жылдың наурызынан бастап Жамбыл облысы Шу ауданының әкімі лауазымында қызмет атқарып келді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде