jasqazaq.kz

Тарауық намазын әр адам өз үйінде оқиды

23 сәуiр 2020, 17:01

Биыл елдегі төтенше жағдайға байланысты Рамазан айында мешітте тарауық намазы оқылмайды, ауызашар дастарханы жайылмайды. Алматы қаласы орталық мешітінің бас имамы Еркінбек Шоқай брифинг барысында осылай айтты.

«Бас мүфти Діни басқарманың қарамағындағы ғұламалар кеңесінің шешімімен биыл жамағаттардың және отбасыларының амандығы үшін беретін жылдағы пітір-садақаның мөлшерін жан басына шаққанда 370 теңге деп бекітті. Алайда кейбір азаматтарымыз отбасым үшін көбірек беремін деп ниет етіп жатса одан артық бере беруіне болады», — деді Еркінбек Шоқай. Сонымен қатар, ол елдегі төтенше жағдайға байланысты жамағаттың мешітке келуіне тыйым салынғанын айтты. «Биылғы Рамазан айындағы тарауықх намазды әр адам өз үйінде оқиды. Мешітке келуге болмайды. Бұл өзіміздің қауіпсіздігіміз үшін қажет. Сол сияқты ауызашар дастархандарын да отбасымен бірге өткізген абзал. Биыл Қадір түні 19 мамырдан 20 мамырға қараған түні деп бекітілді. Бүгінгі кеш Рамазаның алғашқы күні болып есептеледі. Осы себепті мұсылман жамағаты бүгін кешке тарауық намазын оқиды. Ниеттеріңіз қабыл болсын», — деді Алматы қаласы орталық мешітінің бас имамы Еркінбек Шоқай.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия