jasqazaq.kz

Тапсырыспен автокөлікті өртеген күдікті ұсталды

17 желтоқсан 2020, 16:49


Алматы полициясы көліктің тапсырыс бойынша өртенуін анықтады.

Бұл туралы Алматы ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.   Өртенген «Subaru» автокөлігі 1952 жылы туған К. есімді жергілікті тұрғынға тиесілі. Қылмыс 14 желтоқсанға қараған түні Шагабутдинов көшесінде орналасқан үйлердің бірінің ауласында болған.

Абырой болғанда, көлік құралы өртенуінің салдарынан зардап шеккендер жоқ. Бұл факт ҚР ҚК-нің 202-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Сот-өрт-техникалық сараптамасы тағайындалды. Сонымен қатар, бұл қылмысты ашу үшін арнайы тергеу-жедел тобы құрылды, оның құрамына қалалық криминалдық полиция да кірді. Жедел және арнайы іс-шаралар кешенінің нәтижесінде күдікті анықталып, қамауға алынды. Бұл – 1983 жылы туған Ш. азамат болып шықты, ол жұмысы үшін оған 100 мың теңге уәде еткен өзінің танысы, 1959 жылы туған М. азаматтың тапсырысын орындағанын мойындады. Өртке тапсырыс берушісі дереу ұсталды. Автокөлік иесі екеуінің арасында жеке дұшпандық қатынастар аясында бірнеше рет жанжалды жағдайлар болған, бұл қылмысқа түрткі болды, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Абдрахманов.
Екі күдікті де ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда.

baq.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия