jasqazaq.kz

Тапанша ұстап жүрген ер адамның кім екені анықталды

19 қазан 2020, 12:15


Алматыда тапанша ұстап жүрген ер адамның кім екені анықталды.

Қолына тапанша ұстаған ер адамның видеосы әлеуметтік желілерде пайда болды. Бейнежазбада оның Үлкен Алматы каналы, Солтүстік айналма жолының аумағында түсірілгені айтылған. Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, Алатау аудандық полиция басқармасының қызметкерлері видеодағы ер адамның кім екенін бірден анықтады. Ол 1992 жылы туған Ш. есімді азамат. Ол бұзақы ретінде полиция есебінде тұрған және ішімдікке салынған. «Тексеріс барысында күдіктінің қолында ойыншық тапанша болғаны анықталды. Сондай-ақ Ш. есімді азаматты видеоға түсіріп жатқан кезде ол мас болған. Онымен құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді», — деп түсіндірді Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия