jasqazaq.kz

Тапа-тал түсте бейтаныс адамды тонап кеткен әйел ұсталды

29 қыркүйек 2020, 13:02

Нұр-Сұлтанда тапа-тал түсте бейтаныс адамды жарақаттап, тонап кеткен әйел ұсталды. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге қарағанда, 34 жастағы күдікті көшеде бейтаныс әйелден қоңырау шалу үшін телефон сұраған. Алайда ол телефонын беруден бас тартқан. Оған ашуланған күдікті жәбірленушіге дене жарақатын салып, құны 100 мың теңге тұратын «Samsung» маркалы ұялы телефоны бар сөмкесін алып кеткен.

Полицияның хабарлауынша, күдікті бұрын да ұрлық жасағаны үшін қылмыстық жауапқа тартылған.

Елордалық полицейлер жедел-іздестіру шаралары барысында кісі тонаған күдіктіні ұстады. Полицияға жеткізілген әйел жасаған қылмысын мойындады. Сөмке мен телефон иесіне қайтарылды. «Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған күдіктінің елорда аумағында бұрын жасалған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда»,-делінген хабарламада.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді