jasqazaq.kz

Танысының көлігін өртеп жіберді (видео)

21 мамыр 2020, 14:22

Өскеменде ер адам танысының көлігін өртеп жіберген.

Бұл оқиға 12 ақпанда Назарбаев көшесінде болған.

Өртеніп кеткен Toyota Corolla көлігінің 28 жастағы қызға тиесілі екені анықталды. Сондай-ақ, осы көліктің маңында тұрған Subaru-ның алдыңғы жағының бүлінгені белгілі болды.

Оқиға орнына барған полицейлер қолғап пен бензин құйылған бес литрлік бөтелкені тапқан.

Өскемен қаласы Полиция басқармасының мәліметінше, ер адам «Сергек» камерасына түсіп қалған. Оның 33 жаста екені анықталды, осыған дейін сотты болған.

Ер адам қазір тергеу изоляторында, ҚР Қылмыстық кодексінің 202-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Полициядағылар күдікті мен зардап шеккен қыздың таныс екендерін айтып өтті.

Tengrinews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде