jasqazaq.kz

Танысқан қыздарын ұйықтатып тонаған

02 мамыр 2018, 18:41

Алматыда интернет арқылы қыздармен танысып, оларға ұйықтататын дәрі сеуіп, артынша тонап отырған ер адамға үкім шықты.

Сот жыбық тәртіпте өтті. «Сот үкімімен Ю. есімді азамат ҚР ҚК-нің 192-бабының 3-тарауының 2-тармағы, 121-бабының 1-тарауы бойынша кінәлі деп танылып, оған алғашқы бап бойынша сегіз жыл, екінші бап бойынша төрт жыл кесілді. ҚР 58-бабының 1-тарауы бойынша жеңілдеу жаза қатаң жазаға кірігіп кететіндіктен сегіз жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын барынша қауіпсіз тәртіптегі қылмыстық-атқару мекемесінде өтейді», — деп хабарлайды Әуезов ауданы сотының баспасөз қызметі. Арыз берушілердің шағымдары толық қанағаттандырылды. Үкім жарияланған уақыттан 15 күннен кейін заңды күшіне енеді. Мұның алдында Алматы ІІД-нің өкілдері 37 жастағы Өзбекстан азаматы бұрын да ұқсас қылмыс үшін істі болғанын мәлімдеген еді. Полицейлердің мәліметі бойынша, ол танысу сайттары арқылы қыздармен жазысып, жалдамалы пәтерде кездесіп отырған. Сол уақыттарда байқатпай ұйықтататын дәрі сеуіп, заттарын иемденіп жүрген.

Tengrinews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде