jasqazaq.kz

Танымал «тик-токшылар» айына қанша табыс табатынын айтты (видео)

28 қантар 2021, 15:07

Қазақстанда жастар арасында кеңінен танымал тиктокерлер айына қанша табыс табатынын айтты.

Бұл туралы тиктокерлер Гүльзана Талғат, Таир Қали, Диас Алпысбаев «Алматы» телеарнасының «Таңғы студио» бағдарламасында айтты.

Tiktok – қысқа музыкалық видеолар мен тікелей эфирді түсіруге және түрлі хабарлармен алмасуға мүмкіндік беретін платформа. Бүгінде тиктокте көрермені көп саналатын жастар видео түсіру арқылы айына қанша табыс табатынын айтты.

«Айына қанша табыс табатынымызды айта алмаймын, бірақ жақсы өмір сүруімізге жеткілікті» – деп жауап берді Тайыр Қали.
Тиктокерлер жұмыс істеулеріне ыңғайлы болуы үшін TikTok House-та бірге тұрып жатқан көрінеді.

«TikTok House-та жарты жылдан бері бәріміз бірге тұрып жатырмыз. Қазір сегіз адам бар: 5 жігіт, 3 қыз. Қыз бен жігіттер тең болуы үшін қыздардың санын көбейтеміз», – дейді Тайыр Қали.
Жастар TikTok House-тағы күн тәртібі мен видео түсірудегі қызықтары туралы да айтты.

zakon.kz

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық