jasqazaq.kz

Тандыр наннан шеге шықты (видео)

19 шiлде 2019, 13:04

Тараз қаласында тандыр наннан шеге шығып, жер­гілікті тұрғындардың жағасын ұстатты. 

Тараз қаласы «Мыңбұлақ» шағын ауданының тұрғыны Лаура Азат­бекова үй маңын­дағы дүкен­нен әдеттегідей нан алып келеді. Түскі ас ішуге қамданғанда, тандыр нанның ортасынан шыққан шегені байқайды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Мұндай жағдай болады деп ойламаған тұрғын бұл көріністі дереу бейнекамераға түсіреді. «Ба­лалар үйде болмай қалды. Әйт­песе, олар нанды тіс­теп жегенде не болатын еді?! Енді санэпидқадағалау мекемесі мұндай оқиғаларды болдырмау үшін бәрін қарап, тексеріп шықсын», — дейді ол. Шынында да, ас атасының іші­нен шегенің шығуы — жаға ұс­татарлық жағдай. Елімізде мұн­дай өрескел жағдай бүгін ғана емес, бұрын да болған. Аталмыш дүкенге нан жеткізуші наубайхана шаһардағы бұрын­ғы көк базар маңындағы ескі сарайда орналасқаны белгілі болды. «Біз тек шағымданушылардың арызы бойынша ғана тексеріс жүргізе аламыз. Шағымға байланысты жоспардан тыс тексеріс кезінде нысанда кемшіліктер анықталып жатса, Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 425-бабы, 1-бөлімі бойынша хаттама толтырылып, айыппұл салынады. Сондай-ақ кемшіліктерді жою туралы нұсқама беріледі»,- дейді Жамбыл облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің тағам обьектілерін санитарлық-гигиеналық қадағалау бөлімінің басшысы Мағфуза Давилова. ​Алайда, ол жергілікті тиісті мекемелер кәсіпкерлерге тікелей тексеріс жүргізуге дәрменсіз екенін айтады. Ол үшін еліміздегі жеке кәсіпкерлікті қорғайтын заң бойынша прокуратураның арнайы рұқсаты қажет.

https://youtu.be/-dLpQYyJn0Q

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде