jasqazaq.kz

Тамара Дүйсенова жаңа лауазымға басшы болып келді

16 шiлде 2019, 11:02

Nur Otan партиясының экс-хатшысы Тамара Дүйсенова жаңа лауазымға ие болды.

Бұл туралы  Tengrinews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Тамара Дүйсенова «Еңбек ресурстарын дамыту орталығының» (ЕРДО) президенті болып тағайындалды. 15 шілдеде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ ұжымына жаңа басшыны таныстырды. Орталықтың бұрынғы басшысы Ербол Оспанов «ЕРДО» АҚ бірінші вице-президенті қызметіне ауысты. «Тамара Қасымқызы әлеуметтік-еңбек саласын дамытуға елеулі үлес қосты, бүгінде тиімді еңбек нарығын дамыту, еңбек ресурстарының сапасын арттыру, әлеуметтік және зейнетақымен қамтамасыз ету, халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру және ел басшылығы қойған басқа да тапсырмалар үшін қажетті тәжірибесі бар», — деп атап өтті министр. Бұған дейін Тамара Дүйсенованың басқа жұмысқа ауысуына байланысты Nur Otan партиясының хатшысы қызметінен кеткені хабарланған. Ол бұл қызметті 2018 жылдың ақпанынан бастап атқарды. Тамара Дүйсенова Ташкент халық шаруашылығы институтын бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты. Әр жылдары жауапты басшы лауазымдарын атқарды. Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің вице-министрі, жауапты хатшысы, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып жұмыс істеді.

.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде