jasqazaq.kz

Тамара Асар сәбилі болды

03 қыркүйек 2021, 10:40

Әнші бұл хабарды желідегі парақшасында жариялады.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

-Апа, мен Қарақатқа барып келейін, ауылынан мамасы келіпті, амандасамын, сосын ол кісіден бір нәрсе сұрауым керек еді-дедім.

-Барғың келсе бар, жолда абай бол, қасыңда сенімді ерадам болса әрине -деді.
Көрші тұратын Қыдекем мен Қарақаттың үйіне ұзаааақ жиналдым.

Бір кезде шешем, -күн суықтау сияқты жылы киінші-деді, де шкафтың түп жағына қолын зорға созып, ішіне кіріп кете жаздап, иін-тіресіп тұрған көп киімнің ішінен әрең дегенде бір пальтоны суырып шығарып алды. Сол пальтоны алғанша терлеп те кеткен, қолына ұстап алып, қағып-сілкіп жатыр. Маған таныс пальто:

-Мынау менің жас күнімде киген бәлтем, әкең алты айдың жалақысын жинап сатып әперген. Жарықтықты сақтап жүргенмін бір керекке жарар деп, қарашы әлі су жаңа мә киіп ал. Өзі жып-жылы, бағасы да арзан емес. Әке мен шешеден көз болған, жылумен сұлуын жоғалтпаған әдемі бәлтені киіп шықсаң, саған бүкіл ел қызығатын шығар-деп кигізіп тұрып:

-Мәәә құйып қойғандай шап-шақ екен, жараса қалды-деді де қатты құшақтап тұрып, бетіме тіке қарады да, есікті өзі ашып, көзімен қолымен жол көрсеткендей болды.

ТҮСІМ ЕКЕН.
Оянып кетіп, төбеге қарап ойланып, өздігімнен күбірлеп, түсімді жори бастадым: Қарақат көп балалы, анасы да көп балалы, менің шешем де алты баланы өмірге әкелген, оның үстіне жас күніндегі пальтосын маған кигізгеніне қарағанда… МЕН ДЕ… ШЫН БА? — дедім де қуанғаннан көзімнен жасым мөлт еткіздім…

Өмірге бұйырса бүгін Ажар Жұмашқызы келді… шүкір Аллаға», деп жазды әнші.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Тамара Асар (@tamara_assar_official)

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия