jasqazaq.kz

Тәліптер наразылыққа шыққан тұрғындарға оқ жаудырды

18 тамыз 2021, 17:40

Тәліптер Ауғанстанның Нангархар провинциясында наразылыққа шыққандарға оқ жаудырды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қазақстанда «Талибан» қозғалысына Жоғарғы сот шешімімен тыйым салынған.

Тәліптер Ауғанстанның Нангархар провинциясында мемлекеттік туды қолдау үшін наразылыққа шыққандарға оқ жаудырған. Бұл туралы РИА Новости басылымына тұрғындар арасындағы дерекөз хабар берген. Басылым мәліметінше, қаза тапқандар мен жараланғандар бар.

Бұл уақытта жергілікті Ariana News телеарнасы мен Pajhwok агенттігі журналистерін тәліптер соққыға жыққаны хабарланды. Олар мемлекеттік туды қолдайтын наразылық акциясын түсіріп, репортаж жасамақ болған кезде соққыға жығылған. Екі журналистің аяусыз соққы жегені жергілікті БАҚ-та теріс пікір туғызды.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия