jasqazaq.kz

«Тальгодағы» зорлық: Іс қайта қаралады

22 тамыз 2019, 16:26

«Тұлпар-Тальго» жолсеріктеріне қатысты апелляциялық шағымдар Қостанай сотында қаралып, бірінші инстанциядағы үкімнің күшін жою туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін апелляциялық инстанция сотталғандар Үмбетәлиев пен Құрманиязовқа қатысты қылмыстық істі прокурорға қайтару туралы шешім қабылдады. Облыстық көлік прокуроры Жанабаев пен жәбірленуші К.-ның өтініштері қанағаттандырылды. Сотталғандардың сот талаптары оң шешімін тапқан жоқ. Бұған қоса, апелляциялық инстанция жеке қаулы шығарды. Біріншісі «ҚТЖ» ҰК »АҚ басшылығына қатысты. Компанияның қызметіндегі анықталған кемшіліктер, атап айтқанда, жауапсыздық пен бақылау, қызметкерлердің тәртібі мен мінездемелері ескерілді. Екінші қаулы – ҚР Бас прокуратурасы жанындағы ведомствоаралық жұмыс тобының Қылмыстық кодекстің 120, 121, 122, 123-баптарындағы жазаларды қатаңдату және осы қылмыстарды ауыр санатқа ауыстыру туралы бастамасының маңыздылығы. «Сот ісі бойынша істе келтірілген барлық дәлелдер тиісті түрде зерттелмеген. Іске объективті баға берілмеген, іс жүргізу заңының нормаларын елеулі түрде бұзу назардан тыс қалдырылды. Қылмыстың жасалған уақыты, тәсілі туралы деректер, сотталғандардың кінәсіздігі, жәбірленушінің алдын ала сөз байласуы бойынша қылмыс жасағаны туралы дәлелдері тексерілмеген. Сондай-ақ іс бойынша басты сот талқылауын тағайындауға кедергі келтірген елеулі заңбұзушылықтарға жол берілді. Сонымен қатар, бұл жағдайда құжаттарды рәсімдеу кезінде заң бұзушылықтар болды. Мұның бәрі бірінші инстанциядағы сот шешімінің күшін жоюға негіз болды»,- делінген сот үкімінде. Сотталғанарға қатысты бұлтартпау шарасының мерзімі іс прокурорға жіберілген күннен бастап 1 айға ұзартылады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде