jasqazaq.kz

Талғат Мұсабаев желіде тараған видеоға қатысты түсінік берді

25 маусым 2021, 16:31

Сенатор Талғат Мұсабаев қызға шабуыл жасады деген айыптауға жауап берді.

«24.06.2021 ж. кешкі уақытта Триатлон саябағында болған оқиғаға байланысты былай дегім келеді. Серігіммен кешегі серуен кезінде ит жетектеген қыз бізге қарсы жүгіретін жолақпен келе жатты. Оған итінің тұмылдырықсыз екенін айтып, ескерту жасадым, себебі мұны басқа адамдарға қауіпті деп санадым. Бірақ бізге жағымсыз әрі дөрекі жауап айтылды, әлеуметтік желідегі парақшасында ол өзі де жазды», — деді Мұсабаев.

Оның айтуынша, қыз полиция шақыртқаннан кейін полицейлер келуін күтіп, куәлік беруге, өз құқығын заң бойынша қорғауға дайын екенін жеткізген.

«Полиция — ІІМ-нің екі қызметкері келген соң түсінік берілді, арызданушы да түсінік берді. Менің тарапымнан ешқандай да заңға қайшы әрекет, дене жарақатын салу әрекеті болған жоқ. Оның үстіне, қыз бізге қол созып, кешірім сұрады. «Ұрып-соғу» туралы айыптау негізсіз деп есептеймін», — деді ол.

Еске салайық, Мұсабаев пен астаналық тұрғын Алина Нұртастың қақтығысы 24 маусымда ит серуендеп жүргенде болған. Алина Нұртастың айтуынша, оқиға орнына полиция шақырылған, кейін ол құқықбұзушы сенат депутаты Талғат Мұсабаев екенін білген.

Нұр-Сұлтан полиция департаменті Tengrinews.kz тілшісіне бұл жанжалға Талғат Мұсабаев шынымен де қатысты екенін растады.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия