
Талғат Қалиев Оңтүстік Африка Республикасындағы елші қызметінен босатылды деп хабарлайды Ақорда.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Талғат Ғабдуллаұлы Қалиев Қазақстан Республикасының Оңтүстік Африка Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды «, — делінген хабарланды президент сайтында.
Оның орнына Қанат Тұмыш тағайындалды.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанат Қобыландыұлы Тұмыш Қазақстан Республикасының Оңтүстік Африка Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды», — делінген тағы бір хабарламада.