jasqazaq.kz

Талғарлықтар ауруханадағы вакцинация жұмыстарына шағымданды (Видео)

27 сәуiр 2021, 13:45

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от KRIS_P_TALGAR (@kris_p_talgar)

Талғар тұрғындары вакцинаның екінші дозасын алу «дүрбелеңге» айналғанын айтты. Тұрғындар «Талғар орталық аудандық аурухана» қызметкерлері жұмысының ұйымдастырылмағандығына шағымданды.

Әлеуметтік желілерде Талғар ауруханасында адамдардың кезекке тұрған сәтінің видеосы жарияланды. Видео авторының айтуынша, адамдар вакцинаның екінші дозасын салдыруға келген.

«Бүгін миға симайтын дүние болды. Біріншіден, дәрігерлер таңертең бес минутқа жиналысқа кетіп, жиырма бес минут айналды. Әрі қарай, бәріміз кезекке тұрып, күттік. Дәрігерлер алғашқы вакцинация кезінде басталған қағазды алып келмейінше, ешкімді қабылдамады. Бірақ оларда карталар болды. Адамдар арасында дүрбелең басталды: «Ол карталарды қайдан алуға болады?» деп. Адамдар картаны қайдан алу керегін түсінбей қалды. Кейін үш медбике дәлізде тұрып, 4, 5 және 6 сәуірде болған адамдардың атын атап шақырды. Дәліздегі барлық адам оларға қарай жүгірді. Тұрғындарға жағдай жасасын», — делінген автор жазбасында.

Талғар орталық аудандық аурухана дәрігерлері жағдайды түсіндірді. Олардың айтуынша, адамдар белгіленген күні келмегендіктен, кезек қабаттасып кеткен.

«Екінші компонентті алу үшін 25 сәуірге 190 адам шақырылды. Бірақ 25 сәуір, жексенбіде тек 50 адам келді. Қалғандары 26 сәуірде таңертең келді. Осыған байланысты кезек қабаттасып кетті. Бұл жағдай шешілді, бір сағат ішінде барлығы екінші компонентті алды. Құрметті тұрғындар, тағайындалған күні келулеріңізді сұраймыз. Біз демалыссыз сағат 20.00-ге дейін жұмыс істейміз. Егу бөлмелері бірінші және үшінші қабатта орналасқан», — деді аурухана өкілдері.

Айта кетейік, соңғы мәлімет бойынша Алматы облысында 122 584 науқас коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін салдырған. Екінші дозаны 14 904 тұрғын алған.

Tengrinews.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия