jasqazaq.kz

Талғардағы балабақшада қайтыс болған баланың өлімі жайлы қосымша деректер пайда болды

29 қараша 2021, 13:42

Алматы облысының Талғар қаласында жекеменшік балабақшада болған бүлдіршіннің өлімі туралы кейбір деректер белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Талғар ауданы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға «Талғар-Нұрәлі» ЖШС тиесілі «Бүлдіршін» балабақшасында орын алған. Балабақша қызметкерлерінің айтуынша, 26 қарашада сағат 15.20 шамасында бала түскі астан кейінгі ұйқыдан оянбаған. Қызметкерлер бірден жедел-жәрдем шақыртып, баланың ата-анасына хабар берген.

«Жедел шақыртуға шыққан жедел-жәрдем қызмет бригадасы баланың ата-анасын балабақшаның кіреберісінде кездестірді. Өйткені, балабақша қасында тұратын ата-ана баланы бақшадан алып, жедел-жәрдемнің алдынан шыққан»,- делінген ведомствоның хабарламасында.

Бүлдіршін 2017 жылы туған. Алдын ала мәлімет бойынша, баланың тамағына белгісіз зат тұрып қалған. Полиция қылмыстық іс қозғады. Тергеу жүріп жатыр. Бұл жағдай белгілі бола сала, оқиға орнына аудан әкімінің орынбасары мен білім бөлімінің жетекшісі жетті.

«Талғар ауданы әкімдігі қайғылы оқиғаға байланысты сәбидің ата-анасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. «Бүлдіршін» балабақшасы 2015 жылы ашылған. Қыз бала 2020 жылғы 8 желтоқсанда балабақшаға қабылданған»,- деп толықтырды аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық