Алматы облысында полиция қызметкерлері жас жігітті аяусыз соққыға жыққан бұзақыларды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Әлеуметтік желіде зорлық көрсетушілерден жасырынуға тырысқан жас жігітті екі ер адамның соққыға жыққан видеосы таралды. Қос бұзақы жас жігітті жерге құлатып, тепкінің астына алған. Пост авторы бұл видео Попов көшесіндегі бейнебақылау камерасына түсіп қалғанын айтады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қазірге дейін видеоны 40 мыңнан астам адам көрген. Қазақстандықтар құқық қорғау органдарының мән-жайды анықтап, көше бұзақыларын жазалауын талап етіп отыр.
Ал полициядағылар мұндай факті бойынша ешкім арызданбағанын алға тартты. Ведомство нақтылағандай, жәбірленуші медициналық көмек көрсету үшін тиісті мекемеге жүгінбеген.
sputnik.kz