jasqazaq.kz

Талғарда әйелін аяусыз өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

16 қыркүйек 2021, 10:10

Алматы облысының полиция қызметкерлері әйелін аяусыз өлтірді деген күдіктіні ұстады.

Биыл 12 қыркүйекте Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы Үлкен Алматы каналынан ер адам әйелдің мәйітін тауып, полицияға хабар берді. Бұл факт қылмыстық істердің бірыңғай тізіліміне тіркелді, тергеу-жедел тобы оқиға орнына шұғыл жетті. Ақпарат расталды, — деп жазды Алматы облысы ПД басшысы Серік Күдебаев Facebook -те.

Еңбекшіқазақ аудандық ПБ жүргізілген тексеру барысында мерт болған әйелдің 37 жастағы Талғар қаласының тұрғыны екені анықталды. Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен әйелдің 48 жастағы күйеуі ұсталды.

Ұсталған ер адам 6 қыркүйекте өзара жанжал кезінде әйелін сабап, өлтіріп алғанын, қылмысын жасыру үшін оның денесін Үлкен Алматы каналына апарып, лақырып жібергенін мойындаған. Күдікті қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, басқа ақпарат жария етуге жатпайды.

zakon.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде