jasqazaq.kz

Талғар тұрғыны 13 жастағы өгей қызын өлтірді деген күдікпен ұсталды

24 шiлде 2021, 17:24

Алматы облысының 47 жастағы тұрғыны 13 жастағы өгей қызын өлтірді деген күдікпен қамауға алынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақпарат бойынша, 23 шілдеде Талғардағы жеке үйлердің бірінен 13 жастағы қыздың зорлық белгілері бар мәйіті табылған. Дерек ҚР ҚК 99-бабы 3-бөлігі «Адам өлтіру» бойынша СДТБТ-де тіркелді.

«Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы қажетті іс-шаралар өткізіп, аса ауыр қылмыс жасады деп күдіктелген 47 жастағы өгей әкені анықтады. Ер адам қыздың анасымен азаматтық некеде екені белгілі болды. Оқиға орнынан бой тасалаған күдіктіні Алматы облысы ПД криминалдық полиция қызметкерлері Алматы аумағында ұстады», — деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.

Ұсталған ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Соталды тергеу амалдары жүріп жатыр. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Полицейлер балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған заңнаманың қатаңдағанына қарамастан, мұндай қылмыс әлі де жасалатынын айтты.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия