jasqazaq.kz

Талғар өзенінде балықтар жаппай қырыла бастады

28 мамыр 2020, 17:45

Алматы облысында Талғар өзенінде балықтардың жаппай қырыла бастады.

Бұл туралы жергілікті тұрғын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялапты. Қазгидрометтің хабарлауынша, қазіргі таңда өзен суынан тиісіті сынамалар алыныпты.

«БАҚ-та және «Facebook» әлеуметтік желісінде Алматы облысы Базаркелді кентінің Талғар өзенінде балықтардың қырылуы мен судың қараюы туралы таралған бейне-ақпарат бойынша, 2020 жылғы 27 мамырда «Қазгидромет» РМК Алматы қаласы бойынша филиалы зертханасының мамандары 3 нүктеде жоспардан тыс су сынамаларын алды», — делінген ресми хабарламада.

Талдау нәтижелері 2020 жылғы 29 мамырда қалған көрсеткіштер бойынша қосымша ақпарат жарияланатын болады.

«Жер беті суының сапасын талдау 44 физика-химиялық көрсеткіш бойынша жүргізіледі, оның ішінде бас иондар, биогенді, органикалық және органикалық емес заттар, ауыр металдар. Бірінші күнді талдау нәтижелері бойынша су температурасы 25,1-26,4 ºC шегінде белгіленді, сутегі көрсеткіші 8,1-8,2, суда ерітілген оттегінің концентрациясы нормада және 7,4-7,7 мг/дм3 диапазонында, түсі – 6-7 градус, мөлдірлігі – 20 см, иісі – 1 балл, табиғи суға тән емес иіс (қи иісі) сезіледі» , — деп қосты Қазгидромет өкілдері.

Бұған қоса олар талдау ұзақтығы бес күнге дейін созылуы мүмкін екенін ескертті.

ktk.kz

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі