
Алматы облысы Талғар ауданының әкімі Жолан Омаров қайтыс болды.
«Өкінішке орай, оңайшылықпен сенгіміз келмейтін қаралы хабарды естіп отырмыз, қысқа уақыт ішінде біздің ауданға көп нәрсе жасап үлгерген жақсы адамымыз — әкімімізден айырылып қалдық», делінген Іnstagram-дағы kris_p_talgar парақшасында.
Әкімдіктің хабарлауынша, ол бүгін таңертең пневмониядан қайтыс болған.
Жолан Омаров 2019 жылдың қыркүйегінде Талғар ауданының әкімі болып тағайындалды.
Ол 1979 жылы 7 шілдеде дүниеге келген, үйленген, төрт баласы бар.
zakon.kz