jasqazaq.kz

Талғар ауданында қоқыс полигонынан өрт шықты

02 маусым 2020, 17:39

Алматы облысының Талғар ауданындағы күл-қоқыс полигонынан өрт шықты. Тілсіз жау бір гектар жерді шарпыған. Өрт сөндірушілер кешелі бері су құйып, қызыл жалынның бетін қайтарды. Қазір аздап бықсып тұр.

Күл-қоқыс полигоны Ақтас ауылының маңындағы ескі карьердің орнында орналасқан. Полигон Талғар ауданы мен Еңбекшіқазақ ауданының шекарасында тұр. Ауыл адамдары күл-қоқыстың бұған дейін де жанғанын айтады. Жел көбіне батыстан шығысқа қарай соғады. Сондықтан түтіннен әсіресе желдің өтінде тұрған Ават ауылының тұрғындары шаршадық дейді. Түтін иісінен мезі болған халық полигон жабылсын деген талап қойып отыр.

БЛИЦ:

— Қазір көп зиян келіп жатыр, балалар ауырады, астма, демала алмайды. Мынадай ауамен демалғаннан кейін өздерің білесіңдер, қалай болатынын, балалар, әйелдер, зейнеткерлер ауадан ауырып жатыр.

— Осы мусорканы или жапсын или оборудованиесін қойсын. Ана контейнерді көрсеткен, осы жерде құрылғы бар деп. Былтыр шақыртқанбыз, ешқандай бізге көмек болмады.

24.kz

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі