jasqazaq.kz

Талдықорғандық шенеунік көмек сұраған халыққа ұрсып тастады

25 қыркүйек 2018, 11:13


Талдықорған қаласы Ынтымақ ауылының тұрғындары 10 жыл бойы жарықсыз, сусыз және жолсыз өмір сүруде. 

NUR.KZ  хабарлағандай, Ынтымақ ауылының құрылысы 10 жыл бұрын басталған. Бүгінгі күнге дейін шенеуніктер тұрғын үйлерге электр энергиясы мен су құбырларын орнатуды, жолдың жағдайын қалыпқа келтіріп, жолаушыларды тасу мәселесін қарастыруға уәде беріп келген.
Алайда бұл уәделер тек сөз жүзінде қалған. Ауыл тұрғындары осы уақытқа дейін транспорт пен жолды да, жарық пен суды да көре алмапты. Осы мәселеге қатысты ауыл тұрғындары бірігіп, елді мекенді жарықпен қамтамасыз ету үшін трансформатор орнатқан екен.

Ауылда, тіпті көшелердің де аты жоқ. Ал үйлерге нөмірлер де тіркелмеген. Халық  жедел жәрдемді тас жолдың бойында күтіп алады. Қалаға бару үшін тұрғындар ең жақын аялдамаға үш шақырым жүруге мәжбүр.
Ал ауылда мектеп болмаған соң, таңертең аялдама адамдарға лық толы болып тұрады. Мұнда 3-4 баласы бар отбасылар көп. Атап айтсақ, осы жылы 160-қа жуық бүлдіршін мектепке, тағы біршамасы балабақшаға барған.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, қаланың жағдайы әкімшілікте жұмыс істейтін азаматтың үйінде ғана қарастырылған. Тас жол оның қақпасының ғана емес, есік алдына да төселіпті.
Халықтың осы мәселеге қатысты арызын Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев тыңдады.
Ол бұл істер жақын арада орындалатынын жеткізді. Одан бөлек,  шенеунік халықтың билік өкілдерін неліктен түсінбейтінін айтып қынжылды.
«Не деген ұятсыз адамсыз? Мен айтып отырмын, тыңдамайсыз ба? «Қашан, қашан?» деп сұрай бересіз. Менің айтқанымды барлығы естіді ғой. Мұнда келген әр адамға жеке-жеке түсіндіруім керек пе?», — деді Көлбаев.
Ынтымақ ауылының тұрғындары жыл сайын берілетін уәдеден шаршағандарын айтады. Олар енді сотқа жүгінуді жоспарлап отыр.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді