jasqazaq.kz

Талдықорғанда жастар арасындағы қылмыс өршіп тұр

27 тамыз 2019, 11:18


Талдықорған қаласында кәмелет жасына толмағандар арасындағы қылмыс артқан.

Бұл туралы қалалық полиция басқармасының басшысы Асқар Нұрсапа мектеп директорларымен кездесу барысында мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жаңа оқу жылы қарсаңында қалалық тәртіп сақшылары білім басқармасының қызметкерлері, мектеп директорлары және мектепке дейінгі білім беру мекеме жетекшілерімен кездесті. Басты мақсат — оқушылар мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, төтенше жағдайлардың алдын алу. «Биылғы жеті айда кәмелет жасына толмағандар арасында 39 қылмыс тіркелген. Бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 11 фактіге артық», — дейді полиция басқармасының басшысы А. Нұрсапа. Сондай-ақ, оның мәліметінше, қала аумағында жасөспірімдерге бағытталған 5 жедел алдын-алу шарасы ұйымдастырылған. Нәтижесінде әртүрлі құқық бұзу фактілері бойынша 634 жасөспірім полиция бөлімшесіне жеткізіліп, 445 хаттама толтырылды. ҚР ӘК 442-бабы, 2-тармағы бойынша, яғни балалардың түнгі уақытта заңды өкілісіз жүргені үшін 287 хаттама жазылды. Кәмелет жасына толмағандарға алкоголь өнімін сатқан 12 жағдай тіркелген. Қала жолдарында балалардың қатысуымен 37 жол-көлік оқиғасы болған. Бір бала қайтыс болып, 40 жасөспірім жарақат алған. Кездесу соңында тараптар арасындағы байланысты күшейту мәселесі көтерілді. Ата-аналар мен мұғалімдер, полиция қызметкерлері және әлеуметтік педагогтар мен психологтар бір-бірімен сенімді әрі тығыз қарым-қатынаста болуы тиістігі айтылды. Ювеналды полицейлер мен жол-патруль полицейлердің, учаскелік инспекторлардың ата-аналар жиналысына қатысуы міндеттелді. Сондай-ақ тәртіп сақшыларына мектеп маңында таңертең және екінші ауысым кезінде кезекшілік жүргізу тапсырылды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде