jasqazaq.kz

Талдықорғанда зауытта жарылыс болды: Зардап шеккендер бар

25 тамыз 2021, 12:02

Талдықорғанда автокөлік шиналарын қайта өңдеу цехы өртеніп, үш адам зардап шекті. Біреуінің жағдайы ауыр, деп хабарлайды Stan.kz

Департаментке өрт туралы хабарлама 25 тамызда 03.25-те келіп түскен. Мәлім болғандай, өңделген шиналарға арналған 5 текше метрлік ваккумдық пиролиздеу резервуарында жарылыс болды. Ол ашық алаңда орналасқан, артынан жанындағы ескі шиналар тұтанып, 80 шаршы метр жерді өрт шарпыды.

“Өрт салдарынан 1962, 1969 және 1977 жылғы үш жұмысшы зардап шекті. Екі ер адамның жағдайы орташа. 1977 жылы туған азаматтың жағдай ауыр. Үшеуі де көпсалалы ауруханаға жеткізілді», — делінген хабарламада.

Өрт ошағы таңғы сағат 04.27-де оқушауландырылып, 04.49-да сөндірілді. Оқиға болған жерге төтенше жағдайлар департаментінің 9 техникасы мен 24 қызметкері барды. Сонымен қатар полиция қызметкерлері, жедел жәрдем мен су және электр желілері қызметкерлері де сол жерде болды.

Төтенше жағдайлар департаментінің болжамы бойынша, өрттің шығуына жұмыс аумағында технологиялық процестің дұрыс атқарылмауы себеп болған.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия