jasqazaq.kz

Талдықорғанда шенеунік жетім сәбиді сатпақ болды

02 қыркүйек 2021, 14:06

Талдықорғанда төрт айлық сәби жол апатынан аман қалғаннан кейін облыстық мамандандырылған балалар үйіне түседі. Қыз оқиғадан аман қалған отбасындағы жалғыз адам. Алайда нәрестені қалалық білім беру бөлімі балалар құқықтарын қорғау секторының меңгерушісі Әмір Тұяқбаев сатпақ болған, деп хабарлайды Stan.kz.

Жаңа туған нәрестелер баласыз ерлі-зайыптылар арасында үлкен сұранысқа ие екендігі туралы айтпаса да белгілі. Тіпті, бұл жағдайды Талдықорған білім беру бөлімі балалар құқықтарын қорғау секторының меңгерушісі Әмір Тұяқбаев та пайдаланыпты.

Жалпы, «Неке және отбасы туралы» заңға сәйкес ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды тіркеудің белгілі бір тәртібі бар. Алайда шенеунік жаңа туған нәресте туралы деректерді тізілімге енгізбеген. Ол өзінің досы Кристинаға қызды «сатып алатындар» болса тауып беруін өтінген. Тиісінше, әйел Алматыдан нәрестені сатып алатын жұп табады. Жеке кездесу өткізіп сәбиді 400 мың теңгеге саудалаған.

Ерлі-зайыптылар қуанып олардың айтқанына келіседі. Бірақ одан кейін өз әрекеттерінің заңдылығына күмәнданып, Алматының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне жүгінген. Бұдан соң ведомство бала сатпақ болғандарды қылмыс үстінде ұстау үшін жұбайларға әрекетін жалғастыруды сұрайды.

Қамқорлыққа алу бөлімінің бастығы еш күдіксіз баласыз отбасын сәби асырап алуға үміткер ретінде тіркеген. Қыз туралы ақпаратты деректер базасына енгізген. Ал бір күннен кейін ерлі-зайыптыларға балаға баруға жолдама берілген.

Талдықорған қаласының білім бөлімі балалар құқықтарын қорғау секторының меңгерушісі мәміле аяқталғаннан кейін, банктегі шотынан ақша алған сәтте ұсталды. Шенеунік бұл әрекетті толығымен мойындады және іс қозғау туралы шешіммен келісті.

Талдықорған қалалық соты Әмір Тұяқбаевтың кінәсін шын жүректен мойындағанын ескеріп, 12 млн теңге айыппұл салды. Ал оның серіктесі Кристина мемлекетке 4 млн теңге төлеуі керек.

Ақырында балалы бола алмай жүрген ерлі-зайыптыларға кішкентай қызды асырып алуға келісім берді.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия