jasqazaq.kz

Талдықорғанда өзінен 11 жас кіші қызды қарата алмаған ер адам ұят әрекетке барды

22 шiлде 2021, 16:13

Талдықорған тұрғыны бұрынғы сүйіктісінің бетін бері қарата алмай, ызаға булығып, оның ұят суреттерін әлеуметтік желіде жариялаған, деп хабарлайды zakon.kz.

23 жастағы бойжеткен бұл туралы полицияға 19 шілдеде шағымданған, оған сәйкес қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады Алматы облысының полиция департаменті.

«Жәбірленуші ер азаматпен 2020 жылы байланысын үзген. Алайда бұған көнбеген күдікті қыздың қыр соңынан қалмай қойған. Ең соңында ол бойжеткенді интим суреттеріңді желіге жариялаймын деп қорқытқан», — дейді Талдықорған қаласы ПБ басшысы Асқар Нұрсапа.
34 жастағы ер адам бұрынғы сүйіктісінің аккаунтын бірнеше рет бұзған. Ол оның атынан әлеуметтік желілерде парақшалар ашып, интим суреттерін жүктеген.

Талдықорған қаласының тұрғыны полицияға жеткізілді. Полиция бөліміне жеткізілген ол бар кінәсін мойындады. Полиция Қылмыстық кодекстің 147-бабының 4-бөлігі «Жеке баcқа қол сұқпаушылықты және Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады. Ер адам бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия